Бас жаңалықтар
Ақтау экоқалашығының құрылысына 200 млн доллар жұмсалады
14 Қаңтар 2019, 16:56 732

Ақтау экоқалашығының құрылысына 200 млн доллар жұмсалады

Астана, Baq.kz. Маңғыстау облысындағы Ақтау экоқалашығының құрылысына 200 млн доллар бөледі. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.

Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасында хабарлағандай, нысандарды салу бойынша жұмыстар 2019 жылдың жазында басталады деп жоспарланып отыр. Экоқалашық халқының саны 110 мың адамды құрайды деп күтілуде. 

Ведомствода мәлім еткендей, қазіргі уақытта бұл жобаны қаржыландыруға арналған қор құрылып жатыр. Қатысу үшін өз талаптарын алға тартқан AAG Corporate Service Ltd компаниясы негізгі инвестор болып табылады. 

Сонымен қатар, China Road and Bridge Corporation пен VINCI Construction Grands Projets мердігерлер болуы мүмкін. Әзірше келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сізден жаңалық