Бас жаңалықтар
Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті
PHOTO
22 Қаңтар 2020, 16:30 281

Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында мектептен кейін үйіне оралмаған екі қыз кешеден бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сегізінші сыныпта оқитын Ару Бекберді мен алтыншы сынып оқушысы Талшын Қызырбай кеше кешкісін мектептен кейін үйіне оралмаған. Қыздарын таппаған ата-аналары бірден полицияға хабарласқан.

3.jpg

Алдаберген ауылының тұрғындары 2006 және 2008 жылы туған екі қыздың жоғалғаны туралы хабарлады. Бірден дабыл қағылып, аудандағы полиция жеке құрамы іздеуге кірісті. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар, мұғалімдер мен еріктілер де қатысты. Елді мекен маңындағы иесіз қалған үйлер, жертөле тағы басқа нысандар тексеріліп жатыр. Алматы мен Талдықорған қалаларында да іздеу жұмысы жүргізілуде. Қыздардың фотосы барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді, сонымен қатар әлеуметтік желіге де жарияланды, - делінген хабарламада.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Ару Бекберді мен Талшын Қызырбайды көргендер болса мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (72836) 3-08-82 (аудандық полиция), 8 (7282) 60-80-07 (областық полиция), 8 777 846 43 88 немесе 102.


Фото: дереккөз
Загрузка...