Екі дүркін Олимпиада чемпионы тікұшақ апатынан қайтыс болды

27 Қаңтар 2020, 08:58
1983
Бөлісу:
Екі дүркін Олимпиада чемпионы тікұшақ апатынан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қайтыс болды. Бұл туралы TMZ хабарлады.

Апат Калабасас қаласында (Калифорния) болды. Тік ұшақ ішінде 5 адам болған. Құтқарушылар борттағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмағанын растады.
Дереккөздің хабарлауынша, Коби Брайанттың әйелі Ванесса ұшақта болмаған.

Коби "Лос-Анджелес Лейкерстің" құрамында өнер көрсеткеннен бері жеке тікұшақпен саяхаттап келеді.  

WhatsApp Image 2020-01-27 at 06.59.41.jpeg

Брайанттың артында төрт баласы қалды - Джинна, Наталья, Бианка және 2019 жылдың маусымында дүниеге келген Каприз.

Коби Брайант мансабын 2016 жылы аяқтаған.  Ол Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) жұлдыздарының ойынына 18 рет қатысқан. Оның ішінде қатарынан 17 ойын.  

Бес рет NBA чемпионы атанды және екі рет үздік ойыншы атанған (MVP).  Өз мансабында 1996 жылдан 2016 жылға дейін жалғасқан спорттық карьерасында "Лос-Анджелес Лейкерс" сапында ойнады. АҚШ құрамасы сапында 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы