Екі облыста бұрқасын болады – Қазгидромет

21 Қаңтар 2019, 11:43
2729
Бөлісу:
Екі облыста бұрқасын болады – Қазгидромет

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер екі облыста желдің екпіні күшейіп, бұрқасын болады деп ескертеді.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 21 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерінде қатты қар жауады.

Кей жерде тұман, баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Сонымен қатар 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтледі.            

Орал қаласында бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшейуі күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %     

Өзгелердің жаңалығы