Бас жаңалықтар
Еңбек ұжымдарында коронавирустың артуы алаңдатып отыр – Қожахметов
25 Қыркүйек 2020, 16:01 546

Еңбек ұжымдарында коронавирустың артуы алаңдатып отыр – Қожахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша еліміздегі коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар саны – 107 590-ға жетті. Оның 95,1%-ы немесе 102 360 науқас жазылып шықты, 3 515 адам ем қабылдауда, ал қаза болғандар саны - 1715. Соңғы тәулікте COVID-19 61 адамнан анықталды. Сонымен қатар, ПТР сынақ теріс нәтиже көрсеткен 31 991 науқас тіркелді, оның 26 914-і емделіп шықты, қайтыс болғандар саны – 347. 24 қыркүйек күні коронавирусқа ұқсас белгілері бар ПТР-сынақ теріс нәтиже көрсеткен бірде-бір жағдай тіркелген жоқ, - деді ол.
Бағдат Қожахметов брифинг барысында еңбек ұжымдарында тіркелген коронавирус инфекциясы жағдайларының артуы алаңдатып отырғанын айтты. 
Нақты айтқанда, осы жылдың 17 қыркүйегінде «Барыс» хоккей командасының 40 әкімшілік қызметкеріне профилактикалық тексеру жүргізіліп, олардың 11-інде сынақ оң нәтиже көрсетті. Оларға сол күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бас санитарлық дәрігердің нұсқауымен эпидемияға қарсы шаралардың өткізілуі жөнінде тапсырма берілді. Олармен байланыста болған 29 адам тіркелді, барлығына «Барыс-Арена»  стадионына келуге тыйым салынған. Стадионға дезинфекция жасалып, қалған қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда, 22 қыркүйекте науқастармен байланыста болған 29 адамды тексеру барысында команданың тағы 8 мүшесінен оң нәтиже байқалған. Барлық 19 науқастың денсаулығынан COVID-19-дың белгілері анықталған жоқ, пациенттер амбулаторлық ем қабылдауда, - деді ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...