Джефф Безоспен ғарышқа ұшу үшін 28 млн доллар төлейсің

13 Маусым 2021, 09:44
1394
Бөлісу:
Джефф Безоспен ғарышқа ұшу үшін 28 млн доллар төлейсің

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Amazon негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды. 

Бәссаудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркеліпті. 

 

«107 нөміріндегі адамға 28 миллион долларға сатылды», - деп мәлім етті аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы. 

 

Amazon-ның негізін қалаушымен және оның ағасымен бірге ғарышқа кім баратыны әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін жарияланбақ. 

Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізген болатын. 

Компанияның хабарлауынша, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады. 

Айта кетсек, бұған дейін ғарышқа билет құны 2,8 миллион долларды құраған еді.


 

Өзгелердің жаңалығы