Дубай әуежайында екі ұшақ бір-бірімен соқтығысып қалды

22 Шілде 2021, 21:20
2157
Бөлісу:
Дубай әуежайында екі ұшақ бір-бірімен соқтығысып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубай әуежайында Бішкекке бет алмақ болған БАӘ еліне тиесілі бюджеттік әуекомпанияның Flydubai борты мен бахрейндік Gulf Air әуекомпаниясының борты бір-бірімен соқтығысып қалды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Оқыс оқиға ұшу жолағында болған. Салдарынан ешкім зардап шекпеді, дегенмен жолаушылар басқа рейстермен кешігіп ұшуға мәжбүр болды.

Flydubai ел билігімен бірлесіп, аталған оқиғаны жіті тергейтін болады. Өз кезегінде Gulf Air әуекомпаниясы «Дубай әуежайында басқа ұшақ компания лайнерлерінің бірінің артқы бөлігін жанап өткендіктен, апатқа ұшырағанын мәлімдеді».


Өзгелердің жаңалығы