Допинг дауы Олимпиада лицензиясын алуға қолбайлау болып отыр – министр

21 Қараша 2019, 12:44
2479
Бөлісу:
Допинг дауы Олимпиада лицензиясын алуға қолбайлау болып отыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларының өткен жазғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына қатысу үшін лицензия алу қарқыны бәсеңдеген. 

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында "ҚР кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр. 
2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 115 қазақстандық спортшы 20 спорт түрінен 106 лицензия жеңіп алды. Рио-де Жанейродағы жазғы Олмипиада ойындарының лицензиясын 104 қазақстандық 26 спорт түрінен жеңіп алды. Бүгінде 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін 12 спорт түрінен бар-жоғы 28 лицензия бар. Алдыңғы Олимпиада ойындарына дайындық кезінде шамамен 50 лицензия болды. Олимпиада басталуына алты айдан көп уақыт қалды. Алда іріктеу турнирлері мен жарыстары бар. Бір сөзбен айтқанда іріктеу жалғасып жатыр. Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың жеткілікті санын көре аламыз ба? Лицензиялардың аз болуы допинг дауымен байланысты емес пе? - деп сұрады Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан.
Министр спортшылардың 2020 жылдың шілдесіне дейін лицензия ала алатынын айтты. 
Ұлттық құрама жинаған ұпайлар бойынша лицензиялар беріледі. Спортшылар дайындалып жатыр. Расында Рио-де-Жанейроға дайындық кезеңінде құрама спортшыларында жеткілікті лицензия болды, шамамен 45-46. Бізде әдеттегідей бокстан көп лицензия болады. Лицензиялық жарыстар 4-14 ақпанда Қытайда, 13-24 мамырда Парижде өтеді, - деп айтты Райымқұлова.

Ол ауыр атлетикадан лицензияның қысқаруына допинг дауы әсер еткенін айтты. 
Сіздің сөзіңіз орынды, допинг дауы рөл ойнады. Ауыр атлетикадан өкінішке қарай еліміз тек екі лицензия алуға құқығы бар. Жеңіл атлетика 20 лицензияға дейін алатын спорттың бірі еді. Допинг дауымен биыл лицензия алу талабы қатаңдатылды. Бұл жолы 10-12 лицензия алуды жоспарлап отырмыз. Осыған қарамастан ұлттық құрама, Ұлттық олимпиада комитеті дайындалып жатыр. Бұрынғыдан кем емес лицензия аламыз деп үміттенемін, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы