Доллар бағамы 400 теңгеден төмен түсті

3 Маусым 2020, 12:54
1742
Бөлісу:
Доллар бағамы 400 теңгеден төмен түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. KASE-де доллар бағамы наурыз айынан бері бірінші рет 400 теңгеден төмен түсті.


Таңертеңгі сессияның қорытындылары бойынша, KASE-де доллардың орташа бағамы 396,77 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күн кешіне қарағанда 5,5 теңгеге аз. Ол күні америкалық валюта 402,27 теңгеге сатылған.

Атап өтейік, Қазақстанда осындай көрсеткіштер соңғы рет наурыз айында белгіленген.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласының валюта айырбастау пунктерінде доллар 399-404 теңгеге сатылып, 395-400 теңгеге сатып алынуда.
Өзгелердің жаңалығы