Қазақстанда доллар 440 теңгеден сатылып жатыр

17 Наурыз 2020, 09:43
2110
Бөлісу:
Қазақстанда доллар 440 теңгеден сатылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439-440 теңгеден сатылып жатыр. 

Kurs.kz деректеріне қарағанда таңғы сағат 9.41-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында доллар 440 теңгеден, евро 495-500 теңгеден, Ресей рублі 6,03-6,1 теңгеден сатылып жатыр.

Алматы қаласында доллар 439-439,5 теңгеден, евро 490-496 теңгеден, Ресей рублі 5,95-6,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал долларды сатып алу 435-437 теңге аралығында тұр.

Ұлттық банктің 17 наурыздағы доллар курсы 434,59 теңгені құрады.

Айта кетейік, кей ақша айырбастау пунктері доллар сатпай отыр.

Өзгелердің жаңалығы