Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

3 Қазан 2021, 20:02
4534
Бөлісу:
Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова әйелдер арасындағы ФИДЕ (FIDE World Women’s Team Championship) командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Испанияда әйелдер арасындағы ФИДЕ (FIDE World Women’s Team Championship) командалық әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 12 елінен ең мықты әйелдер құрамасы қатысты: Америка, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Польша, ФШР (Ресей), Украина және Франция елдерінің құрамасы.

Чемпионатта Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова және Гүлмира Дәулетова сынды Қазақстан құрамасы шахмат тақтасында өнер көрсетті.

Бүгін қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова командалық чемпионаттың қола жүлдегері атанғанын жазды.

Сүйінші, командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Медаль тосын сый болды, өйткені командалық жарыстарда жалпы нәтижеге назар аударасың және жеке тақтада болса да Қазақстан жүлдегерлер қатарынан көрінгеніне қуаныштымын, - деді Динара Facebook парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы