Бас жаңалықтар
Digital Health Astana форумында стратегиялық серіктестер басқосты
PHOTO
24 Қазан 2019, 11:17 1181

Digital Health Astana форумында стратегиялық серіктестер басқосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен цифрлық жүйеге арналған Digital Health Astana 2.0 форумы аясында медициналық білім берудегі стратегиялық серіктестік бойынша конференция өтуде.

Іс-шарада "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасы аясында қол жеткізілген Қазақстанның медициналық білім беру ұйымдары мен жетекші шетелдік университеттер арасындағы стратегиялық серіктестік бойынша ынтымақтастықтың бірінші кезеңінің нәтижесі қорытындыланады.

Стратегиялық серіктестік отандық медициналық білім беру ұйымдарының шетелде танымал болуына және ТМД аймағында өз ұстанымы мен білім беру  бағыттарын мойындатқан үлгілі ЖОО айналуға мүмкіндік береді. Министрлік пен мемлекет университеттерден жоғары деңгейде маман даярлауды және  серіктестермен тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізуді талап етеді.

Конференция жұмысына академиялық және практикалық орта, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық қауымдастық өкілдері қатысуда. Жиында  медициналық қауымдастық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмек көрсету департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Жүсіпов форум қонақтарына "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қызметін жетілдіру" атты арнайы жобасын таныстырды.

WhatsApp Image 2019-10-24 at 11.16.28.jpeg

"Бүгінде еліміздегі дәрігерлердің жұмыс жүктемесі шамадан тыс жоғары. Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін мамандар тапшы. Қазіргі таңда министрлік медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетуді қолға алып отыр. Аурухана мен емханаларға электрондық төлқұжат енгізілуде. Соның арқасында емханаға келушілердің санын екі есеге азайтып отырмыз. Сондай-ақ, биыл қозғалмалы медициналық кешендер санын арттырдық. 2019 жылдың соңғы 9 айында 1583 елді мекендерден 689 мың адам медициналық көмек алды, соның ішінде 164 мың бала. Жаңадан салынған 400-ден астам жаңа нысандар салынды. Оның тең жартысы жекеменшік компаниялардың қаржысымен тұрғызылды", - деді Бауыржан Жүсіпов.
Министрлік өкілінің сөзіне сүйенсек, Қазақстандағы өлім-жітім санын қысқартып, керісінше халықтың өмір сүру жасын ұлғайту бағытында белсенді түрде қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, бүгін "ЭКСПО" қалашығында шетелдік және отандық профессорлар мен сарапшы мамандардың басын қосқан конференцияда Казақ Ұлттық Медициналық университеттің профессоры мен Латвияның беделді ғалымдары баяндама жасап, өткір мәселелерді ортаға салды. 

Конференцияда қонақтардың назарына денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жаңалықтарға арналған көрме ұсынылды.

Айта кетейік, Digital Health Astana 2.0 көрмесінде жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер, сондай-ақ бионикалық протездер, электрондық рецептердің ақпараттық жүйесі, ақылды стетоскоп және басқа да жобалар ұсынылды. Экспоненттер халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін медицина саласында қолданылатын АКТ базасында жоғары технологиялық өнімдер мен шешімдерді көрсетті. 

WhatsApp Image 2019-10-24 at 11.15.58.jpeg

Бұдан басқа, Digital Health Astana 2.0 шеңберінде "Шекарасыз Денсаулық сақтауды цифрландыру", "Цифрландыру және ынтымақтастық", "Цифрлық Қазақстанды аша отырып" атты панельдік сессиялар, резидентура мәселелері бойынша дөңгелек үстел, сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандардан шеберлік сабақтар өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, көрме форумның екінші күнінде жалғасады.


Фото: автордан
Загрузка...