Депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

25 Қаңтар 2019, 12:04
2472
Бөлісу:
Депутаттар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Бұл заң жобасы жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, көліктегі бақылау функцияларын оңтайландыру, ұлттық заңнаманы теңіз теміржол және автомобиль көлігі мәселелері бойынша халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестендіруді көздейді.

Осы күні Мәжіліс Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын қарамақ.

Сонымен қатар, Бюро отырысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында қарау жоспарланды.

Өзгелердің жаңалығы