Бас жаңалықтар
Депутат та жылайды. Перуашев Елбасы президенттіктен кеткенде неге жылағанын түсіндірді
22 Қыркүйек 2020, 17:32 184

Депутат та жылайды. Перуашев Елбасы президенттіктен кеткенде неге жылағанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясының төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткенде не үшін көзіне жас алғанын айтып берді. 

Елбасы биліктен кеткенде қимағаным рас. Еркектерде де кейде ондай сезім болуы мүмкін. Бұл - ұялатын жайт емес, қылмыс емес. Жеке эмоция болуы мүмкін. Саясаткер де адам ғой. Әрине, эмоция бөлек, өзіміздің саяси ұстанымдарымыз бір бөлек. Біздің басты мақсатымыз –  мемлекетіміздің әрі қарай даму мәселесі. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары басқа мақсат, басқа кезең болған. Ал қазір заман өзгерді. Тәуелсіз қалыптасқан мемлекетімізді дамыту керек деп санаймыз. Елімізді демократияландыру жолында назар аударымыз керек. Парламентаризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Парламенттік республика деген ұғымдарды енгізуге тиіспіз. Ал «Ақ жолдың» парламенттік оппозиция бола ма, жоқ па? Оны сайлаушыларымыз жақын арада сайлау науқанында шеше алады, - деді Азат Перуашев. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 19 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткенде Азат Перуашев тілшілердің біріне қимай тұрғанын айтып, көзіне жас алған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...