Денсаулық сақтау министрі елдегі эпиджағдай туралы айтты

11 Қазан 2021, 11:17
8456
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрі елдегі эпиджағдай туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің алты өңірі «сары» аймақта.

Атап айтар болсақ, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары «сары» аймақта тұр. Ал «жасыл» аймақта: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы тұрған көрінеді.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан орын алған эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады. Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеледі. 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда репродуктивті мөлшер 1,2 есеге азайды, яғни 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеді, - деп отыр Денсаулық сақтау министрі.

Жалпы, республикада 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындардың жүктеме деңгейі 56%-дан 36%-ға дейін төмендеген.

Реанимациялық төсек-орындар 45%-дан 33%-ға дейін азайды. Соған қарамастан резервтік төсек-орын қоры құрылды, - деді Алексей Цой.
Өзгелердің жаңалығы