Демалыс күндері 40 градус ыстық болады

30 Шілде 2021, 10:35
1214
Бөлісу:
Демалыс күндері 40 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Соның салдарынан ауа температурасы 33-38-ге дейін, кей жерде 43 градус ыстыққа дейін көтеріледі.

Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауады. 

31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады. 

Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35-40 градус ыстық болады.


Өзгелердің жаңалығы