Бас жаңалықтар
«Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бет алды
10 Қазан 2020, 01:45 110

«Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бет алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың бірқатар аймағын басып өткен «Дельта» дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына қарай бағыт алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүлей желге байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, табиғат апатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Штаттағы мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Себебі дүлей желдің екпіні Мексика шығанағында қайта күшейген. Ал Мексиканың Юкатан түбегінде дауылдан 250 мыңнан астам адам жарықсыз қалған. Дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, дауылмен бірге жауған жаңбырдан мекендерді су басқан.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...