Бас жаңалықтар
Делиде жалған билетпен ұсталған қазақстандық танысын шығарып салған
11 Ақпан 2019, 16:37 887

Делиде жалған билетпен ұсталған қазақстандық танысын шығарып салған

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазақстан азаматы жақын танысын «ерекше жолмен» шығарып салғысы келген.

«Өткен аптада хабарланғандай, Дели әуежайында Қазақстан азаматы ұсталды. Анықталған ақпаратқа сүйенсек, ол әуежайдағы бірінші тексерістен өту үшін жалған билет жасаған. Қазақстан азаматы ұшақ бортына кіргісі келмеген, тек өзінің досын шығарып салу үшін жалған билет жасаған. Қазір төлқұжаты өзіне қайтарылды. Айыппұлы төленді», - деді Смадияров.

Сондай-ақ баспасөз хатшысы АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Махаббат Әбдуәлиеваға қатысты пікір білдірді.

«Махаббат Әбдуәливаға қатысты айтар болсақ, ол қазір тиісті сомасын төлеп, бостандыққа шықты. Бұл істе әзірге 25-тен астам адамға қатысты күдік бар. Сондықтан сот бұл істегі қазақстандықтардың рөлін белгілеуде. Махаббат Әбдуәлиеваға қатысты сот отырысы наурыз айының ортасына ауыстырылды», - деді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған құжатпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Рахиля Бекназарқызы

 

 

Загрузка...