Бас жаңалықтар
ДДСҰ: Қайта вакциналауға мораторий енгізу керек
05 Тамыз 2021, 08:39 595

ДДСҰ: Қайта вакциналауға мораторий енгізу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің соңына дейін қайта вакциналауға уақытша мораторий енгізу керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады. 

Ұйым сарапшылары тіпті мораторийді одан да ұзақ мерзімге созу керек деген пікірде. Өйткені әлемде ковидке қарсы вакцинаның қолжетімділігіне байланысты теңсіздік мәселесі өршіп кеткен. 

Бүгінде кедей елдер мен дәулетті мемлекеттер арасы айтарлықтай алшақ екен. Осыған байланысты ұйым басшысы әлем елдерін қыркүйекке дейін өз халқының кемі 10 процентіне вакцина салып шығуға шақырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...