Қызылжарда дарынды балаларға арналған жазғы лагерь ашылады

20 Мамыр 2020, 19:37
2724
Бөлісу:
Қызылжарда дарынды балаларға арналған жазғы лагерь ашылады
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Теріскейде дарынды балаларға арналған жазғы лагерь жұмысын бастамақ. Онда демалуға республика деңгейінде өткен білім және спорттық додалардан жүлделі орын алған оқушылар ғана жолдама ала алады.

Нысан 300 адамды қабылдауға әзір. Қазір маусымның ашылуына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында оқушыларға арналған 13 сауықтыру лагері бар. Карантин шараларына байланысты олардың қашан іске қосылатыны әзірге беймәлім.

Солтүстік Қазақстан облысында 66 мыңнан астам оқушы бар. Биылғы жазғы демалыс уақытында олардың 98 пайызына жазғы лагерьлерге жолдама беру жоспарланған екен. Білім басқармасының мамандары еліміздің бас санитар дәрігері рұқсат етсе, жұмысты бастауға әзір екендіктерін жеткізді.

Биыл еліміздегі барлық лагерьлер "Қазақстан балалары, жазды қуанышқа толтырайық!" атты ұранмен жұмыс істейді. 13 нысанның бесеуі кәсіпкерлерге сенімді басқаруға тапсырылған. Қазір жөндеу жұыстары аяқталып жатыр. Әлеуметтік жағдайы қиын отбасыының балалары жазғы демалыспен толық қамтылады. Шаһар маңындағы лагерьлерге тегін жолдама ұсынамыз. Оған мыңнан астам орын қарастырылған. Жетім және ата-ана қамқорлығынан айрылған балғындар «Бурабай» түзету орталығына жіберіледі, - дейді облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі Мафруза Науанова.

Жылдағы дәстүрге сай мектеп жанынан жазғы лагерьлер де ашу жоспарланған. Қырық мыңнан астам бала қамтылмақ. Кәсіпкер басқаруына берілген нысандардың бірі "Достық" кешені. Сауықтыру орнында жөндуе жұмыстарының қызған шағы.

Терезелер ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аумағы үлкен. 10 шақты корпус бар. Жартысы әзір. Ауланы да безендіріп, қалыпқа келтіреміз. Меймандарымыздың уақытың басым бөлігі далада өтеді. Сондықтан оның әдемі болып, көзге қуаныш сыйлағаны маңызды, - дейді лагерь директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Роза Карасева.

Петропавл қаласындағы жаңадан ашылған "Digital Urpaq" оқушылар сарайы да жаз мезгілінде жұмыс істемек. Онда 6-14 жастағы балалар үшін бірнеше үйірме жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы