Бас жаңалықтар
"Дарын" сыйлығының иегерлері марапатталды
PHOTO
09 Желтоқсан 2019, 16:32 1243

"Дарын" сыйлығының иегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Биыл "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына үміткер ретінде 250-ден астам құжат қабылданған. 

Бүгін елімізде түрлі салада үздік деп  танылған жастар марапатталды.  Барлығы - өз саласында білікті маман, таптырмас шебер. 
Мемлекеттік сыйлықты табыстауға ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев келді. 

Елімізде жастарға қандай жағдай жасалғанын өздеріңіз білесіздер. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылды "Жастар жылы" деп атаудың өзі бекерден-бекер емес. Тек қана осы екі жылдың өзінде Қазақстанда 2 млн-ға жуық жастарға қолдау көрсетілді. "Жол картасы" бойынша 300 млрд теңге жастарға стипендия, грант, жатақхана үшін бөлінді. Келесі жылдың қандай жыл екенін жақсы білесіздер. Жастар жылын әрі қарай жалғастыру үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы келер жылды еріктілер жылы деп жариялады, - деді ол.  

Бердібек Сапарбаев еліміздің атын әлемдік аренада әйгілі қалған жастардың көп екенін, олардың ішінде Димаш Құдайберген мен Серік Сәпиевтің орны айрықша екенін атап өтті.

дар1.jpeg

Бізде қазір өте беделді, ел абыройын асқақтатып жүрген мәдениет және өнер қайраткерлері мен спортшылар өсіп келеді. Мен барлығын айтпай-ақ қояйын. Серік Сәпиев пен Димаш Құдайбергенді айтсақ та жеткілікті деп ойлаймын... "Дарын" сыйлығы да сіздердің өнерлеріңізді бағалау. Сіздер басқа да жастарға үлгі болсын, сіздер сияқты ертең ұлтымыздың, мемлекетіміздің атын шығарсын дейміз. Сіздер сияқты талантты жастарымыз көп болса, қазақ та, Қазақстан да дамиды, - деп Бердібек Сапарбаев марапат иегерлерін құттықтады. 

дар2.jpeg

"Дарын" сыйлығы 1992 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл 10 аталым бойынша 20 адам марапатталады.




Фото: автордан
Загрузка...