Елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер дефициті болмайды

27 Сәуір 2020, 17:14
1899
Бөлісу:
Елімізде дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер дефициті болмайды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев министрліктің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдерінің дефициті болмайды. 2020 жылға тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жалпы көлемі 259 миллиард теңгенің 1385 дәрілік заты енгізілді. Қазіргі таңда 86 миллиард теңгенің медикаменті жіберілді. Оның ішінде 47 миллиард теңгенің заты амбулаторлық емханаларға, стационарға 39 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі жіберілді, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Комитет төрағасының мәлімдеуінше, Қазақстанда өзге инфекциялық аурулардың көрсеткіші төмендеген.

Бұл ең алдымен, аурудың маусымына байланысты. Корь індеті былтырғы жылмен салыстырғанда 46%-ға, энтеровирусты инфекция 47%-ға төмендегенін байқадық. Вакцинациямен қамту деңгейі, корь вакцинациясына қатысты критерийлердің өзгеруі, халықтың бірқатар бөлігінің қосымша вакцинадан өтуі сияқты қадамдар оң нәтиже берді деуге болады. Бұдан вакцина арқылы ауруды бақылауға болатынын көреміз, - деді Сұлтанғазиев.
Өзгелердің жаңалығы