Дариға Назарбаева Тоқаевтың алғашқы Жолдауы жайлы пікірін айтты

2 Қыркүйек 2019, 14:14
4089
Бөлісу:
Дариға Назарбаева Тоқаевтың алғашқы Жолдауы жайлы пікірін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы болып қайта сайланған Дариға Назарбаева депутаттарға алғысын айтып, алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын жеткізді.

«Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. ҚР Парламентінің жоғарғы палатасының басшысы ретінде мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын», - деді Назарбаева Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында.

Сенат төрағасы бүгінгі президент жолдауында ел өмірінің барлық салаларындағы ахуалға терең талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылғанын айтты.

«Енді біз оларды заңдар мен қаулылар тіліне көшіруіміз керек. Барлық әріптестерімді тығыз жұмыс кестесіне тезірек кірісуге шақырамын. Құрметті депутаттар, жұмыс көлемі өсіп қана қоймай, олардың сапасына қойылатын талаптар да едәуір артатынын жеткізгім келеді», - деді Дариға Назарбаева.

Атап өтсек, бүгін Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып қайта сайланған еді.

Өзгелердің жаңалығы