Бас жаңалықтар
«D» дәрумені COVID-19-ға әсер ете ме?
18 Қараша 2020, 18:11 150

«D» дәрумені COVID-19-ға әсер ете ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «COVID пен ЖРВИ алдын-алу: дәрумендер мен ББҚ қабылдау қажет пе?» тақырыбында өткен онлайн дәріс барысында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының доценті Ақкүміс Салханова «D» дәруменінің коронавирусқа әсеріне тоқталды.

«D» дәрумені тіс, сүйек және бұлшық еттерді қатайтуға жақсы әсер етеді. Бұл дәруменнің адамның жас кезінде жетіспеушілігі байқалса, рахитке (сүйектердің дамымай қалуы, қаңқаның деформациясы) алып келуі мүмкін. Ал, ересектердегі дәрумен жетіспеушілігі остеомаляцияға шалдықтырады. Сонымен қатар, соңғы уақытта күн сәулесін алу да қиындап барады. Себебі, далаға шығу азайды, жұмыс режимі кеңседе, қозғалыссыз. «D» дәруменінің COVID-19-дың барысына, науқас жағдайының жақсаруына әсер етеді деп нақты айту қиын. Оған тиісті зерттеулерді әлі де болса жүргізу қажет, - дейді ол.

Ақкүміс Салханова испан ғалымдарының осы бағытта жүргізген зерттеуінен мысал келтірді.

Испаниялық ғалымдар бойында COVID-19  инфекциясы бар 216 пациентке зерттеу жүргізген. Материал 2020 жылдың қазан айында жарияланды. Осы материалдағы мәліметтерге сүйенсек, «D» дәрумені дефициті пациенттердің 82%-нан анықталған (бақылау тобындағы пациенттердің 47%-мен салыстырғанда). Дәл осы «D» дәрумені дефициті болған пациенттерде ферритин және D-димер деңгейі жоғары болған. Дегенмен, «D» дәрумені кез келген ауруға ем болатын панацея деп нақты айта алмаймыз, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...