Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жасады

20 Сәуір 2021, 09:53
4345
Бөлісу:
Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жасады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияның елде таралуының оптимистік және шынайы жағдайы туралы айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинамен қамтуды ескере отырып, КВИ-дің таралуының болжамын жаңартып отыр. Оптимистік сценарий бойынша қарайтын болсақ, егер вакцинация кесте бойынша жалғаса берсе, онда тәулігіне 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Сосын сәуір айының соңында ең жоғары деңгейге жетеді деп күтіліп отыр. Ал жағдайға нақты қарасақ, вакцинациямен қамту осы қарқында болса, онда тәулігіне дейін 4 мыңға дейін адам жұқтыруы мүмкін.  Короновирустың шарықтау шегі мамыр айының ортасына барады деп ойлаймыз, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Ол бірінші кезеңде вакцинацияның әсері иммунитетті дамыту үшін қажет уақытпен шектелетінін атап өтті.  Кейіннен әсері артып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына себеп болады.

Еске салайық, 22 күн бойы ел «қызыл» аймақта болды.  «Жасыл» аймақта тек Түркістан мен Қостанай облыстары бар.

Сондай-ақ министр Қазақстанда мектеп оқушылары арасында COVID-19-ды жұқтырғандар көбейгенін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік,  20 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 733 980 адам вакцина салдырды.

Өзгелердің жаңалығы