Бір апта ішінде эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой

20 Сәуір 2021, 09:31
3074
Бөлісу:
Бір апта ішінде эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Бүгінгі күні әлемде 140 млн-нан астам коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. Күніне 700 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 3 млн-нан аса адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрап отыр. ДДСҰ-ның 5-6 аймағында науқастардың саны өскені байқалады, - деді министр.
Оның сөзінше, әлем рейтингінде Қазақстан науқас жұқтыру көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде 110-орында тұр. Ал өлім көрсеткішісі бойынша 107-орында.

Бүгінгі күні Қазақстанда 292 250 ПТР тестінің оң (+) нәтижесі бойынша және 51 890 теріс (+) нәтижесі бар науқас тіркелді.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 22 күн бойы республика «қызыл аймақта» тұр. Сонымен қатар 8 аймақ (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және БҚО, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстары) «қызыл аймақта» тұр. «Жасыл аймақта» Түркістан мен Қостанай облыстары, сондай-ақ қалған аймақтар «сары аймақта» орналасқан, - деп айтты Цой Үкіметте.

Министр наурызда елдегі жағдай нашарлай бастағанын жеткізді.

Наурыздың аяғынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, ол кезде апталық вирус жұқтыру алдыңғы аптамен салыстырғанда 46%-ға өсті. Алайда осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда апталық сырқаттанудың өсу қарқынының өткен аптада 46%-дан 6%-ға дейін төмендеу үрдісі байқалады. Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 22%-дан 8%-ға дейін төмендеді, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Өзгелердің жаңалығы