Цой инфекциялық стационарларда жүктемесі ең көп өңірлерді атады

6 Сәуір 2021, 09:46
2015
Бөлісу:
Цой инфекциялық стационарларда жүктемесі ең көп өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ол «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында айтты.

2021 жылдың 6 сәуіріндегі жағдай бойынша коронавирусы бар науқастарға көмек көрсету мақсатында республикада 28 730 төсек-орын қоры бар 275 инфекциялық стационар тартылған. Инфекциялық стационарлардың 37%-ы, ал реанимациялық стационарлардың 22%-ы қолданыста, - деді ол.

Министрдің айтуынша, инфекциялық стационарлардың жүктемесі ең көп өңірлер қатарында Алматы, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр.

Министрлік төсек-орын қорын қамту бойынша мониторингілеудің электронды жүйесін жасады. Бұл жүйе аймақтардағы әрбір медициналық ұйым деңгейінде жасалды. Мұндай жүйе жағдайға уақытылы назар аударып, қосымша стационарларды дәл уақытында жасақтауға мүмкіндік береді. Өңірлерде жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесе 70% болған кезде инфекциялық төсек-орындарды жасақтау бойынша жоспар бар. Инфекциялық төсек-орын резерві 5,1 мыңнан 6 мыңға жеткізілді. Сонымен қатар, резервті нысандар да тартылатын болады. Жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жұмыстары жалғаса береді, - деді ол.
Цой бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы 28 күннен бері «қызыл» аймақта тұрғанын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы