Цой: Елімізде инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

14 Қыркүйек 2021, 10:06
2998
Бөлісу:
Цой: Елімізде инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Елдегі эпидахуалды баяндаған ол инфекциялық төсек-орындардың біртіндеп жабылып жатқанын жеткізді.

Төсек-орындардың жүктемесіне күн сайын жүргізілетін мониторингке сәйкес, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі республикада 35%-ды құрап отыр. Жалпы елімізде 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындар жүктемесінің деңгейі 56%-дан 35%-ға, реанимациялық төсек-орындар жүктемесінің 45%-дан 35%-ға дейін төмендеуі байқалды, - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

25 тамыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын емдейтін инфекциялық бөлімше немесе төсек-орынды құрайтын 57 нысан жабылды. Барлығы төсек-орын қорының 12 211 төсекке қысқарды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ Қазақстандағы эпидахуалға коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тұрақты түрде төмендеп келеді деп баға берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы