Бас жаңалықтар
ДДСҰ: СOVID-19 жұқтыру Қазақстанда тұрақты түрде төмендеп келеді
14 Қыркүйек 2021, 09:54 75

ДДСҰ: СOVID-19 жұқтыру Қазақстанда тұрақты түрде төмендеп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Оның айтуынша, ДДСҰ еліміздегі эпиджағдайға аурушаңдық деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді деп баға берген көрінеді.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық деңгейі жалпы 14%-ға, аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін азаюы байқалды. ДДСҰ-ның бағалауы бойынша республикада репродуктивті мөлшері соңғы 4 апта бойы 1-ден төмен. Бұл пандемияның бақылауда екендігін және аурудың тұрақты төмендеуі болғанын білдіреді. Бұған коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың ауру жұқтырғандарға қарағанда көп болуы куә. Соңғы аптада жазылып шыққандар саны 1,5 есеге көп болды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Айта кететін жайт, соңғы екі аптада еліміздің 5 өңірі «қызылдан» «сары аймаққа» ауысты. Олар: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО, СҚО. «Жасыл аймақта» Түркістан облысы бар. Қалған 11 өңір «қызыл» аймақта.


Фото: дереккөз
Загрузка...