COVID-19: Ресейде соңғы 11 күнде 10028 адам тіркелді

13 Мамыр 2020, 19:40
1016
Бөлісу:
COVID-19: Ресейде соңғы 11 күнде 10028  адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауырғандардың 2212-сі көз жұмған, оның 96-сы соңғы тәулікте қаза болды.

Ресейде соңғы 11 тәулік бойы он мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Пандемия басталғалы бері елде 242 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Ауырғандардың 2212-сі көз жұмған, оның 96-сы соңғы тәулікте қаза болды, - деп хабарлайды ru.euronews.com.

12 мамырдан бастап Мәскеу қаласында маска және қолғап кию режимі енгізілді. Елдің бақылау комитетінің дерегінше, мәскеуліктердің бірқатары вирустан қорғану шараларын сақтамаған. Алайда, билік талабын мұқият сақтап жүргендер басым.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, коронавирус жұқтырғаннан кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен оның жұбайы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Татьяна Навка ауруханаға жатқызылды. Песков ресейлік БАҚ-қа мемлекет басшысы Владимир Путинмен бір айдан астам уақыт жақын сөйлеспегенін мәлімдеген. Бұған дейін коронавирус елдің Премьер-министрі Михаил Мишустиннен  де анықталып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында індеттен тез жазылып кетуін тілеп, жазба қалдырған болатын. 

Әлемнің өзге  елдеріндегі жағдайды мына сілтеме арқылы өтіп, біле аласыздар.
Өзгелердің жаңалығы