COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

11 Желтоқсан 2020, 18:30
2467
Бөлісу:
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасы Үкіметі Қазақстанға 375 мың АҚШ доллары тұратын гуманитарлық көмек жіберді.

Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігінде Корея Үкіметінің Қазақстанға гуманитарлық көмекті салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Гуманитарлық көмек көрсету рәсімі осымен екінші рет өткізіліп отыр. 425 мың АҚШ доллары сомасындағы ПТР-тест жинақтары түріндегі гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы қазан айында Қазақстанға жеткізілген болатын. Бүгін, шамамен бір сағаттан кейін Алматыға ДДҰ арқылы сатып алынған 300 000 АҚШ доллары сомасына 72 оттегі концентраторы мен пациенттерге арналған 50 монитор келеді. Ал гуманитарлық жүктің үшінші партиясы ертең, 12 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайына Корея Республикасының Үкіметі ұсынып отырған 75 000 АҚШ доллары сомасына 111 000 kf94 (FFP2 стандарты) қорғаныс маскаларының келуі жоспарлануда. Корея Республикасы Үкіметі берген уәдесінде тұрып, Қазақстанға 800 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмегін көрсеткені үшін қуаныштымын, - деді салтанатты іс-шара барысында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок.
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Оның айтуынша, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ДДҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерімен, ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, гуманитарлық жүкті жеткізу бойынша айтарлықтай тығыз жұмыс атқарды.

COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Біз Корея Республикасы Үкіметінің аталған гуманитарлық көмегі Корея Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үшжақты ынтымақтастығы негізінде COVID-19-ға қарсы тиімді күрестің мысалы ретінде жоғары баға алады деп үміттенеміз, - деп жеткізді дипломат.
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Айта кетейік, Корея Республикасының елшілігі гуманитарлық көмектен бөлек, COVID-19 салдарынан қандай да бір қиындыққа тап болған топтарға түрлі қайырымдылық шараларын өткізді. Атап айтсақ, Қарттар үйіне, балалар үйіне және басқа да ұйымдар.

COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан тарапы Корея Республикасымен ынтымақтастыққа аса мән береді. Бұған дейін Корея Үкіметі елдегі медициналық мекемелерге COVID-19-ды анықтау мақсатында ПТР-тесті түрінде қолдау көрсетті. Осы жылы мамыр айында Корея Республикасының қолдауымен Алматыда КВИ-ді анықтайтын мобильді орталық ашылды. Одан бөлек, қазақстандық медицина мамандары тұрақты түрде COVID-19 проблемалары бойынша Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыратын түрлі вебинар, оқыту курстарынан өтіп тұрады, - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов.
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Дереккөз

 Ол өз сөзінде аталған шара екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты көрсететінін жеткізді.

COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото:Дереккөз
Бұл жылы барлығы үшін күтпеген жағдайға тап болды. Сондай-ақ, бұл жағдай бізге қауіп-қатер төнгенін, ал екінші жағынан, бұл бізде үлкен күш, үлкен мүмкіндіктер бар екенін көрсетті. Әр ел Үкіметі қандай да бір қиындықтарды сезініп отыр. Сондай-ақ, әрқайсысы бұл жағдайдан шығып, шешімін табуға тырысып жатыр. Бүгінгі осынау шара бірлесіп, қиындықтарды жеңуге болатынын көрсетуде, - деді ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі Каролин Кларинваль.
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Өзгелердің жаңалығы