Бас жаңалықтар
COVID-19: Инфекциядан өкпесінен айырылған италиялыққа трансплантация жасалды
03 Маусым 2020, 05:45 139

COVID-19: Инфекциядан өкпесінен айырылған италиялыққа трансплантация жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 кесірінен тыныс алу органынан айырылған 18 жастағы жігітке өкпе трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды ANSA.

Бұл өкпе трансплантациясы – Еуропада жасалған алғашқы ота. Операция Миландағы ауруханада жасалды.

18 жастағы Франческода 2 наурызда инфекцияның белгілері пайда болған. 6 наурызда ол Миландағы Сан-Раффаэле ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. 23 наурызда жасанды қан айналымы аппаратына қосылды.

Алайда, коронавирустың ауыр түріне шалдыққандықтан оның өкпесі істемей қалды. Сәуірдің ортасында Сан-Раффаэле дәрігерлері науқастың өкпесін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін осындай операция тек Қытайда жасалып келген. Бірақ, Миландағы осы отадан соң мұндай операция Венада да жасалды.

Мемлекеттік университеттің көкірек қуысы хирургиясы мектебінің басшысы Марио Нозоттидің айтуынша, операция күрделі болған. Енді "жаңа" өкпесі бар жас жігіт ұзақ уақыт оңалтудан өтеді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...