COVID-19: Енді 12 қала тұрғыны ХҚКО-ға тек алдын ала бронмен баруы тиіс

20 Қаңтар 2021, 19:49
1340
Бөлісу:
COVID-19: Енді 12 қала тұрғыны ХҚКО-ға тек алдын ала бронмен баруы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірдегі ХҚКО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды. 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» МК баспасөз қызметі хабарлады.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚКО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚКО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.

ХҚКО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚКО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚКО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.  

Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз, – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожихов. 
Өзгелердің жаңалығы