Былтыр скринингтен өткен 240 мыңнан астам бала емделді - министр

18 Маусым 2019, 18:05
1782
Бөлісу:
Былтыр скринингтен өткен 240 мыңнан астам бала емделді - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру аясында скринингтік зерттеулер жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау миниистрі Елжан Біртанов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. 

"Былтыр балаларға скрининг жасау арқылы дерт түрлері анықталып, 240 мың бала емделсе, 153 мың бала тіркеуге алынды", - дейді Елжан Біртанов. 

Балалар кардиохирургия және онкогематология қызметі белсенді дамып келе жатыр. Туа бітті жүрек ақауы мен сүйек кемігін трансплантациялау балалар өлімін азайтып, онкологиялық ауруы бар балалардың тірі қалу мүмкіндігін көбейтті. 

Сондай-ақ, халықта дәрі-дәрмекпен қамту үнемі министрліктің бақылауында. 

"Амбулаторлық дәрі-дәрмектерді Мероприятия по қамтамасыз етуді орталықтандыру шаралары централизации 39 миллиардтан астам теңгені үнемдеуге себепші болып, оған қосымша дәрі-дәрмек сатып алынды. Сатып алу және тіркеуді цифрландыру 14  миллиардтан астам теңгені үнемдеуге себеп болды және ол медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жұмсалды", - дейді Елжан Біртанов. 

Бұған дейін елімізде былтыр 1200-ден астам трансплантация жасалғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы