Былтыр партия құру бойынша 9 өтініш келіп түсті – министр

22 Қаңтар 2021, 12:43
1653
Бөлісу:
Былтыр партия құру бойынша 9 өтініш келіп түсті – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысы аясында өткен брифингте  айтты.

2020 жылы партия құру бойынша 9 өтініш келіп түсті. Партия құру екі кезеңнен тұрады. Партия құрғысы келетін адам тобы өтініш береді. Егер бұл өтініш талаптарға сәйкес келсе, екінші кезеңде съезд өткізіліп, қол жиналады. 2020 жылы 9 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 6-уының құжаты талаптарға сәйкес келмеді. Біз оларды қайтарып жібердік. Олар барлық олқылықты жойып, өтінішті қайта бағыттай алады. Қалған үш топқа мақұлдау берілді. Олар съезд өткізіп, келесі құжат топтамасын жүзеге асыруы керек еді, - деді ол. 

Министр атағандай, адамдардың бір тобы съезд өткізіп, құжаттар топтамасын ұсынды. 

Қазір ол құжатнаманы тексеру жүзеге асырылып жатыр. Тексеруді тек Әділет министрлігі емес, өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Өздеріңіз білесіздер, партия мүшелері арасында әскери адамдар болмауы керек. Бұл талаптарды өзге меморгандар тексереді, - деді Бекетаев.

Өзгелердің жаңалығы