Burabike fest - 2019 басталды

25 Тамыз 2019, 11:32
1907
Бөлісу:
Burabike fest - 2019 басталды
PHOTO
Фото: автордан

Ақмола облысы, Бурабай, BAQ.KZ тілшісі. Осы жолы Burabike fest спорттық, музыкалық және қайырымдылық фестиваль ретінде өткізілуде.

Сонымен қатар, фестиваль алғаш рет екі күн бойы өтуде. Ал қатысушылар саны 3,5 мың адамды құрады.

7d105861-5322-4ce1-8dd7-4dae1aec2794.jpg

bdf13380-f387-4df1-8c84-7f6a42499689.jpg

"Алғашқы жылы қайырымдылық шарасына қатысуға 113 адам тіркелсе, оның 50 велошеруге қатысты. Ал бүгін шеруге қатысушылар саны 1400-ге жетті. Мен Болат Өтемұратов қорының Қамқоршылар кеңесіндемін, сіздердің қажыларыңыздың мақсатты жұмсалып отырғанына кепілдік беремін. Фестивальдің  алғашқы күнінде біздің велосипед аукционнан 15 млн теңгеге сатылды. Игі іске әрқашан бірге атсалысайық" - деді Александр Винакуров.

Биылғы фестивальдің қатысушыларының қатарында отбасымен қатысып жатқандар өте көп болды.

f3046f35-f0b4-4bfd-a9c3-31385c50abed.jpg

"Мен осы жолы алғаш рет қатысып отырмын. Жасым сегізде. Бүгін менің әкем де қатысып отыр. Біз отбасымызбен қайырымдылық шарасына өз үлесімізді қосайық деп шештік. Менің білуімше, бұл қайырымдылық шарасы аясында жиналған қаржы мұқтаж жандардың қажеттілігіне жұмсалады. Жасымның кішкентай болғанына қарамастан, менің де көмегімнің тиетініне қуаныштымын", - деді кішкентай қатысушы Артем.

20bc5250-dcb2-4bdb-b043-6c743c39da80.jpg

Айта кетейік, 2013 жылдан бері өз бастауын алған қайырымдылық шарасы аясында бүгінге дейін шамамен 700 млн теңге қаржы жиналды.

375c568c-3d3a-466a-8c96-0f62f9392a25.jpg

d4b45152-1a80-426c-8f80-64377b4f6566.jpg

feb5fce8-1c11-48c6-ae42-2e42c5a7d175.jpg

66f15622-7387-4166-831b-0d87b5862d56.jpg

280f5eed-30d5-49d9-87f7-1252fddd4896.jpg

93dd2e89-e2ad-4b84-b8db-187961a0b749.jpg

2a18c869-c4e1-4d60-8ab6-ab9d76cb4524.jpg
Өзгелердің жаңалығы