Букмекерлік кеңселерде тек спорттық жарыстарға бәс тігілетін болады

13 Мамыр 2020, 11:41
1814
Бөлісу:
Букмекерлік кеңселерде тек спорттық жарыстарға бәс тігілетін болады
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы букмекерлік кеңселерден тек спорттық жарыстарға ставкаларды қабылдау талап етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР мәдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерде тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады, - дейді министр.
Бұл норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

Қазіргі кезде жеке букмекерлік кеңселер виртуалды футбол, хоккей, баскетбол, теннис, ат спорты, авто жарыс және басқа да виртуалды ойындарға бәс қабылдап жүр.
Бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтеді, - деді А. Райымқұлова.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Букмекерлер қауымдастығының мәліметтері бойынша, спорттық іс-шараларға бәс тігу жалпы бәс тігудің 80 пайыздан астамын құрайды деп отыр.  Қалған 20 пайызы виртуалды спорт, ауа-райын болжау, сайлау нәтижелері, мәдени шаралар және басқаларды қамтиды екен.
Өзгелердің жаңалығы