Бас жаңалықтар
Бүгін Парламенттің жетінші шақырылымының алғашқы отырысы өтеді
15 Қаңтар 2021, 09:28 1611

Бүгін Парламенттің жетінші шақырылымының алғашқы отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы өтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Мемлекет басшысы 15 қаңтарда Парламент отырысы өтетінін айтқан еді.
Қаңтардың 15-інде Парламент пен депутаттар алдында сөз сөйлеймін. Жаңа Мәжілістің құрамы да қатысады. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Онда реформалар талқыланады. Ең алдымен – реформа. Реформаларды міндетті түрде жалғастыру керек, - деді ол.  

Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Үкімет қашан ауысатынын айтқан болатын.







Фото: дереккөз
Загрузка...