Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні

25 Шілде 2021, 15:12
2915
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанда - Сауда қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтады.

Бүгін Қазақстанда кәсіби мереке - Сауда қызметкерлері күні! Бұл салада 1,5 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл біздің еліміздің тұрғындарының 8%-ы немесе жұмыс істейтін әрбір 6-шы қазақстандық, - дейді министр.

Сұлтанов атап өткендей, сауда қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында бұл сала дамып, ал тауарлар мен қызметтедің түрлері кеңейіп келеді, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

Бүгінгі күні сауда - экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі: сауда кәсіпорындары жетілдірілуде, заманауи қызметтер мен қызмет көрсету стандарттары енгізілуде. Сауда-саттық сонымен қатар «тауарлық» салаларды дамытудың драйверіне айналуда, өйткені сатып алушылардың өнім мен қызмет сапасына қойылатын талаптары артып келеді, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Сөз соңында министр қазақстандық сауда қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы