Бублик ATP рейтингінде жоғарылады

22 Шілде 2019, 11:39
1596
Бөлісу:
Бублик ATP рейтингінде жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өткен Hall Of Fame атты ATP турнирінің финалында америкалық теннисші Джон Иснермен кездесті. 

Финалдық матчта Александр Бублик 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. 34 жастағы әлемнің 15-ракеткасы биылғы бірінші, ал жалпы карьерасындағы 15-титулын жеңіп алды. Теннисші Ньюпорттағы турнирді 2011, 2012 және 2017 жылдары жеңген болатын.

Дегенмен, Бублик әлемдік рейтингідегі орнын жақсартты. Ол 12 орынға көтеріліп, 71-орынға тұрақтады. Ал Михаил Кукушкин 45-орынға жайғасса, Александр Недовесов алты позицияға сырғып, 202-орынға түсті. 

Әлемдік рейтингіде сербиялық Новак Джокович көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда испаниялық Рафаэль Надаль мен швейцариялық Роджер Федерер тұр.

Өзгелердің жаңалығы