ҰБТ-2019 нәтижелерін қайдан білуге болады?

20 Маусым 2019, 10:30
5211
Бөлісу:
ҰБТ-2019 нәтижелерін қайдан білуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін қайдан білуге болатыны туралы хабарлады.

Бүгін 20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ пунктерінде өткізілуде. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 құрады. Өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ-2019 нәтижелерін @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен, edu.mail.kz сайтынан, Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет

Сонымен қатар, биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда.

«Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады. Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз, 8 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз. Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.

Айта кетейік, туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.



Өзгелердің жаңалығы