Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысы өтті

10 Мамыр 2021, 19:51
2709
Бөлісу:
Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-vинистрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қатысуымен өткен Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) кезекті 31-отырысында ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы ынтымақтастық және инвестициялар тарту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері қаралды.

COVID-19 панпандемиясына байланысты дағдарыстың теріс экономикалық салдарын азайту және бизнесті қолдау бойынша бірлескен күш-жігер талқыланды. Іс-шара Германия экономикасының шығыс комитеті Қазақстанның Германиядағы tлшілігімен бірлесіп гибридтік форматта ұйымдастырылды.

Еуропалық тараптан спикерлер ретінде ГФР Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Уве Файлер, Федералдық экономика және энергетика министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы, ГФР Федералдық үкіметінің туризм жөніндегі уәкілі Томас Баррайс, экс-Еурокомиссар, Еуропалық саясат орталығының кураторы Гюнтер Эттингер, «CLAAS Group» Басқарма мүшесі Кристиан Радонс, «METRO AG» компаниясының Басқарма төрағасы Штефан Гройбель және «Eurochambres» ЕО Сауда-өнеркәсіптік және сыртқы сауда палаталары қауымдастығының президенті Кристоф Лайтл. Қазақстан тарапынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Арипханов, Спорт және туризм вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов сөз сөйледі.

Іс-шараға Қазақстанның, Германияның, Бельгияның үкіметтік және іскерлік топтардың, ЕО органдарының, салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың 70-ке жуық өкілі, жетекші еуропалық компаниялардың басшылары қатысты.

Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысы өтті

Өз сөзінде Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемия кезінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және ел халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі саясаты туралы хабарлады. 2020 жылғы наурызда күшіне енген Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді үдемелі іске асыру ерекше назар аударуды талап етеді, - делінген хабарламада.

БЕК отырысының еуропалық қатысушылары ауыл шаруашылығы мен туризмді қолдауға және одан әрі дамытуға, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

Іс-шара аясында Тілеуберді Германия, Бельгия және Люксембург компанияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында әріптестікті дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру перспективалары талқыланды.

Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және ГФР-дың бұрынғы Вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Ханс-Дитрих Геншердің бастамасымен құрылды. БЕК экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің, ГФР және Еуропаның басқа да елдерінің сарапшылары мен практиктерінің қатысуы үшін ашық бейресми диалог платформасы.


Өзгелердің жаңалығы