Бразилияда орман өрті өршіп тұр

18 Қыркүйек 2019, 08:51
2177
Бөлісу:
Бразилияда орман өрті өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Амазонас өңірінде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілер күн-түн демей, қызыл жалынды ауыздықтап әлек, деп хабарлайды 24.kz.

Ғарыштық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, Бразилиядағы өрт өткен жылмен салыстырғанда 80% артқан.

Айта кетейік, жергілікті шаруалар бұл аумақты егістік егу үшін өртеп, тазаламақ болған. Бірақ, әрекеттің соңы ауқымды орман өртімен аяқталып отыр. Жағдайдың ушыға түсуіне үкіметтің саясаты да әсер етсе керек.

Бразилия Президенті Жаир Болсанару құр тұрған орманды немесе жерді қолданысқа беру керек деп мәлімдеген еді.



Өзгелердің жаңалығы