Бразилияда құнарлы жерді өрттен құтқаруға әскерилер тартылды

29 Шілде 2020, 04:35
1180
Бөлісу:
Бразилияда құнарлы жерді өрттен құтқаруға әскерилер тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Пантанал аймағында өршіген өртпен күреске әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Енді өрт сөндірушілерге әскери ұшақтар мен тікұшақтар және жүздеген жауынгер көмектеспек.

Күннің ыстығы мен желдің кесірінен оттың бетін қайтару қиынға соғып тұр. Қазірдің өзінде 5 мың шаршы шақырым аумақ күлге айналды. Осыған байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Жалпы Пантанал топырағы құнарлы болғандықтан мұнда өсімдіктің алуан түрі өседі. Әлемнің өзге аймақтарында кездеспейтін жануарлар мекендейді.




Өзгелердің жаңалығы