Бразилияда бір тәулікте 1300 адам коронавирустан көз жұмды

16 Шілде 2020, 07:44
972
Бөлісу:
Бразилияда бір тәулікте 1300 адам коронавирустан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі елде тәулігіне коронавирустық инфекцияның 41 857 жаңа жағдайы тіркелгенін, сонымен қатар, COVID-19-дан 1 300 адам қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бүгінгі күні елде коронавирустан 74 000-нан астам адам көз жұмған. 

Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбіден (13 шілде) бері 1,7%-ға өсті, ол кезде көз жұмғандар саны 72 833 болған.

Пандемия басталғалы бері Бразилияда 1 млн 926 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, елдегі 1 млн 209 000-нан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бүгінгі таңда 3 928 өлім жағдайы тергеліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы