Бас жаңалықтар
Болат Төкежанов: 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 9 есеге өсті
20 Қаңтар 2021, 17:34 286

Болат Төкежанов: 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 9 есеге өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде: егер 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 559-ға жетті.  Коронавирус пандемиясы оңалтудың қаншалықты маңызды екенін және бұл бастама уақтылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Қазір бұл орталықтар мен бөлімшелерде коронавирус инфекциясынан кейін асқынуы бар науқастар қалпына келтіру емін алуда, - деді Төкежанов. 

Қор басшысы 2020 жылы медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметін көрсеткенін айтты.

Өткен жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар 31 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметін көрсетті, оның ішінде 132 мыңы стационарлық жағдайда оңалту. Олардың ең көп саны өткен жылдың соңғы тоқсанында болды. Бұған Covid-19 және коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту кіреді. 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге артып, 55,8 млрд теңгеге жетті, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Төкежанов 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттеріне тоқталған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...