Бас жаңалықтар
Болашағымыздың бағдарын айқындап берді – Тимуржан Нұрымбетов
19 Маусым 2019, 19:14 386

Болашағымыздың бағдарын айқындап берді – Тимуржан Нұрымбетов

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде билік өзінің халық алдында берген уәдесін орындауға міндетті екенін айта келіп, онда маңызды деп саналатын он бағытқа баса мән берген болатын. Соның бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту.

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов пікірінше президент маңызды бағдардың мақсатын айқындап бері. 

«Президент ұлттық табысты әділ бөлу – стратегиялық маңызды дүние екенін, мемлекет бюджетінің қаражатын бірінші келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажеттігін айтты. Ол осы сөзі арқылы маңызды бағдардың мақсатын айқындап беріп отыр», - деді жергілікті әкімдік өкілі.

Жауапты маман бұл бағыттағы жұмыстар өңірде бұрыннан жоспарлы жүргізіліп келе жатқанын алға тартып, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында биыл 11,0 миллиард теңге бөлінгенін айтты. 

«Биылғы 1 маусымда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 13625 адам тартылды. Атап айтсақ, ваканттық бос жұмыс орындарына – 4582, әлеуметтік жұмыс орындарына 1264 жұмыссыз орналасты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 1808 адам, жастар тәжірибесімен 1495 жас маман мемлекеттік мекемелерге жолданса, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3541 азамат тартылды», - деді Тимуржан Нұрымбетов. 

Басқарма басшысының айтуынша, 861 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 74-і шағын несие алып, кәсібін бастаған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық