Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақыты ауыстырылды

27 Маусым 2020, 06:24
1694
Бөлісу:
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақыты ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) жастар арасындағы әлем чемпионатының өтетін уақытын шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілік 2020 жылдың 2-9 қарашасында Польшаның Кельце қаласында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты біріншілік 2021 жылдың 10-24 сәуірі аралығына ауыстырылды. Дода 3000 адамдық "Hala Legionow" спорт кешенінде өтеді деп жоспарлануда.

Жастар арасындағы әлем біріншілігіне 2002 жылдың 1 қаңтары мен 2003 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған жас былғары қолғап шеберлері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы