Бас жаңалықтар
Біздің еліміз үшін ең бастысы – бұл тыныштық – профессор
24 Сәуiр 2019, 20:15 530

Біздің еліміз үшін ең бастысы – бұл тыныштық – профессор

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Нұротандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқаруға ең лайықты кандидат екендігін атап көрсетті. Бұл ұсынысқа   атыраулықтар да қолдау білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы саясатын жалғастырып, сабақтастықты сақтайтындығына сенім артып отыр. 

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы президенттікке ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдаймыз, мақұлдаймыз. Бүгінгі таңда біздің еліміз үшін ең бастысы - бұл тыныштық, тұрақтылық, бұл - бірлік. Біздің дамуымыздың жедел болуы үшін де,келешегіміздің кемел болуы үшін дұрыс жолдамыз деп айта аламыз. Сондықтан да ертеңгі сайлауда, біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз», - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бақтыбек Таубаев.

Сонымен қатар, профессор өз сөзінде халықты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел мүддесі үшін дауыс беруге шақырды. Ұлттық құндықтарды насихаттап жүрген «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің төрайымының да ойы профессордың пікірімен үндес.     


"Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясының 19-шы съезінде ұсынған кандидатурасы Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаймын. Ол кісінің білімділігі, жүйелілігі ұйымдастыру қабілеті, көпті көргендігі өзіме қатты ұнайды. Шетелде алған өзінің тәжірибесін біздің мемлекетімізде қолданады деп ойлаймын. Сайлау ашық және әділ өтетініне сенім білдіремін", - деді «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шахарман Ерсейітова. 



Фото: автордан

Сізден жаңалық