Бас жаңалықтар
Жат ағымдарды насихаттаған 300-ден астам сайт бұғатталды
07 Қыркүйек 2021, 13:09 395

Жат ағымдарды насихаттаған 300-ден астам сайт бұғатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

Оның сөзінше, қазіргі таңда жекелеген күмәнді топтармен ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Біз кейбір мәселелерді қайта қараған болатынбыз. Қазіргі таңда ақпараттық жұмыстар жалпылама емес мақсатты топтармен жүргізудеміз. Мақсатты топтар дегеніміз деструктивті мәселе туындайды-ау деген жерлерге ақпараттық негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бүгінде атқарылып отырған істер бойынша еліміздің өңірлері де көмек көрсетіп отыр. Осы бір мүмкіндікті пайдалана отырып, әр облыстағы әріптестеріме рақмет айтқым келеді, -деді Ержан Нүкежанов.

Оның мәлімдеуінше, ендігі мақсат жыл аяғына дейін деструктивті топтардың 70 пайызын толығымен бақылауға алу. Бұл жолда қарқында жұмыс атқарылып отыр.

Біз әлеуметтік желілерде деструктивті топтарға тіркелген 84 мыңнан астам отандастарымызды шығарып алдық. Қарап отырсақ, үлкен көрсеткіш. Дегенмен бұл топтарда білместіктен кіріп кеткендерде бар. Сол көрсеткіштерді деп қосып отырмыз. Жылдан жылға деструктивті материалдар саны артып келеді. Осы жылдың өзін алсақ, біз 80 мыңнан астам материалдың көзін жойдық. 300-ден астамын бұғаттадық. Әрине, бұл мәселені шектеумен ғана шеше алмайтымызды түсінеміз, -деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...